Философия
Біздің құндылықтар
-
Құрылыс сапасы
Біз қандай жобаны салсақ та, құрылыс сапасы Kusto Home-ның негізгі басымдығы болып табылады.
-
Бөлімдерге назар аудару
Пәтер сатып алу – күрделі құрылымды үдеріс. Біздің қағидатымыз – сатып алушыларға икемділікті қамтамасыз ете отырып, шешімдерді ойластыру және болжау. Біз бөлменің жоспарлауы болсын, кешен бойынша қозғалыс болсын немесе кез келген басқа да аспектілерді – Сізге жайлы әрі қолайлы болуын ойластырамыз.
-
Икемділік
Біз әрқашан өз клиенттерімізбен келісімге келуге дайынбыз – біздің шарттарымыз әрқашан нарықтағы ең икемді шарттардың бірі болып табылады. Икемділік пен ашықтық сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
-
Команда
Біз командамызға өз ісінің мықты деген мамандарын жинаймыз, бұл бізге жобалау мен құрылыстың жоғары талаптарға сәйкес келетіндігіне сенімділік береді. Kusto Home командасы өзінің кәсібилігімен және жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Біз серіктестерімізді құрметтейміз және әлеуметтік жауапты болуға тырысамыз.
Стратегия
Корпоративтік саясат
-
Этика
Біз этика, адамгершілік және гуманизм принциптерін басшылыққа ала отырып шешім қабылдауға тырысамыз.
-
Үдерістердің ашық болуы.
Жеткізушілерді, серіктестерді, қызметкерлерді таңдау барысы және клиенттермен қарым – қатынас – өте қарапайым, мөлдір және бәсекелестік пен объективтілік қағидаттарына негізделген. Біз диалогқа ашықпыз және өз таңдауымызға сенімдіміз.
-
Адалдық
Біз клиенттерімізбен, қоғаммен тура және ашық қатынасты қолдаймыз, өз Отанымыздың болашағы үшін адал әрі ынтамен еңбек етеміз.
-
Жауапкершілік
Біз іскер әріптестер, қызметкерлер, қатысушылар, мемлекеттік билік органдары алдында, әсіресе, өз клиенттеріміздің алдында өз міндеттемелеріміздің кәсіби орындалуына кепілдік береміз.
-
Әділдік
Біз компания шеңберінде кез келген қызметкердің кәсіби өсуі үшін тең жағдайларды қарастырамыз.