Koktobe City – аумағында жеке мектебі бар Алматыдағы жалғыз тұрғын үй кешені.
Тұрғындар балаларды тасымалдауға уақыт жоғалтпайды. Ең шалғай үйден High Tech академиясының ғимаратына дейінгі қашықтық 500 метрден аспайды. Мектепке баратын жол ең көбі 10 минутты алады. Құрылыс жұмыстарын аяқтасақ, балалар сабаққа барып, қайтатын болады. Жол жасыл аллеялар мен көліксіз тыныш аулалардан өтеді.
High Tech академиясын Парвиаинен Arkkitehdit Oy @parviainenarchitects фин сәулетшілері жобалаған. Олар 20 жыл бойы Скандинавия елдерінде мектептер мен балабақшалар үшін ғимараттар салып келеді.
@htacademy_kz мектебі мен Koktobe City тұрғын үй кешені Kusto Group холдингінің жобалары. Kusto компаниясының жетекшісі және негізін қалаушы Еркін Тәтішев @yerkintatishev 2017 жылы High Tech академиясын ашты. 2022 жылдың мамыр айында мектептің алғашқы бітіру кеші өтті.
HTA фин және американдық үлгі бойынша жұмыс істейді. Оқыту үш тілде жүргізіледі: ағылшын, қазақ және орыс. Мектеп оқушылары оқу бағдарламасынан өтіп қана қоймайды, олар әртүрлі пәндердің тоғысында жобалар жасайды. Мәселен, биыл тоғызыншы сынып оқушылары Алматы іргесіндегі ауылға су тазарту жүйесін жасап шығарды. Ол туралы постты біздің арнадан қараңыз.
Жыл сайын High Tech Academy аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балаларға гранттар бөледі. Мектеп ұжымы үшін әртүрлі әлеуметтік ортадағы кішкентай қазақстандықтардың сапалы білімге қол жеткізуі маңызды.
High Tech Academy MTS (Master Transcript Consortium) халықаралық қауымдастығының мүшесі және SISU Schools ұйымының бөлігі болып табылады. SISU мектептері әлемдік деңгейдегі халықаралық мектептерді құруға арналған жаһандық франчайзинг үлгісінің бөлігі болып табылады.